«Elge Qyzmet» бағдарламасының 2026 жылғы 24 қарашадағы шығарылымында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды. Эфир барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізу тетіктері, мүдделер қақтығысын болдырмау және жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқаруына қатысты шектеулер түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің декларация тапсыру талаптары мен пара беруге уәде еткені үшін қарастырылған жауапкершілік туралы кеңінен айтылды.