Абай облысында браконьерлікке қарсы рейд басталды
Абай облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Заңсыз балық аулаудың 6 дерегі анықталып, тыйым салынған синтетикалық аулар тәркіленді.
Абай облысының аумағында табиғат қорғау заңнамасын сақтау мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынды. Рейд барысында аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзудың алты бірдей дерегі тіркелді. Тексеріс кезінде құқық бұзушылардан заңсыз балық аулауға арналған синтетикалық ау құралдары тәркіленіп алынды. Айта кетейік, табиғат байлығын қорғауға бағытталған бұл ауқымды шара 30 қарашаға дейін жалғасады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Махаббат
0
Күлкілі
0
Мәссаған
0
Жылау
0
Ашулы
0