Абай облысында «Қауіпсіздік әр үйде» акциясы өтті
Абай облысында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында рейд жүргізілді. Тұрғын үйлерге улы газ датчиктері орнатылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Абай облысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіздік әр үйде» атты ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды. Рейд барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, үйлерге улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатты. Биылғы тамыз айынан бастап өңір бойынша 1 352 құрылғы қойылып, қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Махаббат
0
Күлкілі
0
Мәссаған
0
Жылау
0
Ашулы
0