Абай облысында Жарма ауданындағы заңсыз алтын өндіру әрекеті тоқтатылды
Абай ауданы бойынша AFM департаменті прокуратурамен бірлесіп, Жарма ауданында заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырған бір топ адамның қызметін тоқтатты.
Тергеушілердің айтуынша, заңсыз өндіру жұмыстары Жаңғызтөбе ауылынан 10 км қашықтықта тиісті рұқсатсыз жүргізілген.
Алтын құрамды кен ашық әдіспен өндіріліп, арнайы жабдықтармен жуылған.
Учаскені тексеру кезінде тереңдігі 15 метрлік карьер анықталды.
Заңсыз өндірілген тау жынысының көлемі 12 000 текше метрден асып, зақымдалған топырақтың ауданы 4000 шаршы метрден асты.
Тергеу шаралары барысында осы іске қатысы бар тоғыз адам анықталды.
Заңсыз өндіру учаскесінен кенді жуу және ұсақтауға арналған жабдықтар, алтын салынған жеті қап, екі металл детектор, екі тиегіш және экскаватор тәркіленді.
Тергеу жалғасуда.
Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес құпия болып табылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Махаббат
0
Күлкілі
0
Мәссаған
0
Жылау
0
Ашулы
0
Пікірлер (0)