Абай облысының каратэшілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Абай облысынан барған спортшылар каратэ-до киокушинкайдан өткен Азия чемпионатында қола медаль иегерлері атанды. Жеңімпаздарды Семейде салтанатты қарсы алды.
Абай облысының намысын қорғаған спортшылар каратэ-до киокушинкайдан өткен Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Мерей Ұзақбаев пен София Кульчинская халықаралық додада үздік өнер көрсетіп, құрмет тұғырынан көрінді. Қос спортшы жарыс қорытындысы бойынша қола медальға ие болды. Жеңімпаз жастарды Семей қаласының әуежайында жақындары, бапкерлері мен жанкүйерлері ерекше қошеметпен күтіп алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Махаббат
0
Күлкілі
0
Мәссаған
0
Жылау
0
Ашулы
0